Каспий теңізі арқылы жүк тасымалы екі есе өсті

477

Былтыр Ақтау мен Құрық порттары арқылы жүктерді ауыстырып тиеу екі есеге өсті. Сөйтіп көрсеткіш 1,7 млн тоннаға дейін жетті.  

Каспий теңізі арқылы жүк тасымалы екі есе өсті Фото: facebook.com/quryrporty

Алдыңғы жылы 840 мың тоннаны құрады, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Транскаспий халықаралық көлік дәлізінің қазіргі жүк өткізу қарқыны жылына 6 млн тонна. Оның 80 мыңы жиырма футтық баламаға тең.

Контейнерлік тасымалдау 34% артты. 2022 жылдың қорытындысы бойынша 33,7 мыңы жиырма футтық эквивалентке ауыстырылды. Жүктердің негізгі бөлігі түсті металдар, химиялық өнімдер, томат пастасы, ферросилиций, жасымық, халық тұтынатын тауарлар және басқалар.

Жүк тасымалының күрт өсуі маршруттағы кедергілерді анықтауға мүмкіндік берді. Әзірбайжан мен Грузия теңіз порттарында, теміржол мен тораптық станцияларда инфрақұрылымдық шектеулер, жылжымалы құрамның тапшылығы бар. Мәселен, локомотив әлсіздігі, фитингтік платформалар паркі мен жабық вагондардың жетіспеушілігі. Мәселені 2027 жылға дейін шешу жоспарланып, ол үшін арнайы жол картасы әзірленіп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу