Каспий теңізі аса маңызды стратегиялық аймақ

1429

Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің мүшесі Дүйсенғазы Мусин айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Каспий теңізі аса маңызды стратегиялық аймақ

Сенатордың сөзінше, Каспий теңізінің географиялық орналасуы оны Азия мен Еуропа құрлықтарында ғана емес, дүниежүзіндегі ерекше ықпалды теңіздердің қатарына қосады.  

"Каспий теңізі аса маңызды стратегиялық аймақ. Оған ерекше назар аударылуға тиіс", – деді депутат "Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға Каспий теңізін жерүсті көздерінен және құрлықта жүзеге асырылатын қызмет нәтижесінде ластанудан қорғау жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы" заң жобасының таныстырылымында. 

Дүйсенғазы Мусиннің мәлімдеуінше, заң жобасы Каспий маңындағы 5 мемлекеттің Каспий теңізінің ластануын болғызбау және азайту жөнінде бірлескен шара қабылдауын айқындайды және теңіз айдынының экологиялық саулығын қолдау бойынша бірлескен іс-қимылдарды жетілдіруге ықпал етуді мақсат тұтады. 

"Хаттамада теңіз ортасына әсер етуі мүмкін қызмет түрлерінің тізбесі, теңіздің физикалық, биологиялық және химиялық сипаттамалары туралы дерекқор құру қарастырылған. Жалпы аталған заң жобасы – өңірдің экожүйесінің қауіпсіздігіне, тұрақтылығы мен өркендеуіне қатысты кешенді мәселелерді реттеу бойынша тараптардың көпжақты әріптестік етуіне септігін тигізеді. Заң жобасы жұмыс топтарының, комитеттің кезекті және кеңейтілген отырыстарында жан-жақты қаралды. Сенаттың тұрақты комитеттерінен ескерту мен ұсыныс келіп түскен жоқ", – деді сенатор. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу