Каспий теңізі бойынша Әзербайжанға жүк тасымалдау көлемі 77 пайызға өсті

340

Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалданатын жүктердің көлемі 2023 жылдың басынан бері 1,3 млн тоннадан асты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Каспий теңізі бойынша Әзербайжанға жүк тасымалдау көлемі 77 пайызға өсті Фото: sonar2050.org

Бұл 2022 жылдың бірінші жартыжылдығына қарағанда 77,2 пайызға көп. Еуропа мен Қытай Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуға мүдделі.

Транскаспий халықаралық көлік бағыты Қытайдан Еуропаға, Ресейден Қазақстан арқылы Каспий теңізімен Әзербайжанға, Грузияға, Түркияға және одан әрі ЕО елдеріне өтеді.

Шілде айында өткен Қазақстан мен Әзербайжан теміржол әкімшілігі басшыларының қазақстандық жүк жөнелтушілермен және экспорттаушылармен кездесуінде жүк айналымы мәселелері айтылды.

Жүк айналымы өсуде, сонымен қатар проблемалар да бар. Мәселен, әкімшілік кедергілер, порт инфрақұрылымының шектеулері, жүктерді жеткізудің ұзақ мерзімдері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу