Каспий теңізі Иран үшін негізгі сауда бағытына айналды

766

Бұл туралы The National Interest жазды.  

Каспий теңізі Иран үшін негізгі сауда бағытына айналды Фото: BILD

Соғыс жағдайы мен Ормұз бұғазының блокадаға ұшырауына байланысты Иран сауданы Каспий теңізіне қайта бейімдеуге мәжбүр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Шетелдік БАҚ мәліметінше, бұған дейін Иран саудасының 90%-ға дейіні Парсы шығанағы арқылы өтсе, соғыс теңіз тасымалының 95%-ға дейінін тоқтатып, солтүстік бағытты аса маңызды еткен. Каспий теңізі ел экономикасы мен әскери логистикасы үшін стратегиялық маңызға ие бола түсті.

"Иран тауарлары нарықтарға жетуі үшін Каспий теңізі арқылы өтетін көлік байланыстары енді шешуші мәнге ие", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Каспий теңізінің бірегей стратегиялық ерекшелігі бар. Ол – тұйық су айдыны, тек бес жағалаулас мемлекетпен қоршалған. Сондықтан теңіз сыртқы әскери-теңіз күштері үшін іс жүзінде жабық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу