Каспий теңізі тола бастады

307

Оған қатты су тасқыны мен еріген сулардың мөлшерден артық болуы әсер еткен. 

Каспий теңізі тола бастады Фото: ult.kz

Ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаев Каспий теңізінің тола бастағанын жеткізді, деп жазады inbusiness.kz.

"Солтүстік Каспий...

Осыдан бір жыл бұрын Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі суы ондаған шақырымға тартылып кеткен еді. Енді бір жылдың ішінде су тасқыны салдарынан теңіз деңгейі қайта орала бастады. Бұл үрдіс тек су тасқыны салдарынан ғана емес, сонымен қатар 2024 жыл теңіз су мөлшерінің оңалуының  бастамасы болатынына сенемін. Жаның қуанышқа кенеледі", — деп жазады Азамат Сәрсенбаев.

Осыдан бірер апта бұрын Су ресурстары және ирригация министрлігі Каспий теңізіне шамамен миллиард текше метр су жіберілгенін хабарлаған болатын. Бұл үшін билік Атырау облысында Бақсай, Нарын, Қара өзен және Соколок арналарын пайдаланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу