Экологтардың айтуынша, ертеде Каспий теңізінің деңгейі қазіргіден едәуір төмендеген кезеңдер болған. Бұл табылған ағаш қайықтар сол уақытта құмда қалып, кейін су көтерілгенде теңіз түбіне кеткен болуы да мүмкін.
Маңғыстау облысының тұрғындары теңіз жағасынан тапқан тарихи жәдігерге қатысты түрлі пікір айтты.
"Осындай таңғажайыптың куәсі болдық. Теңіз суы тартылған соң ол жерден ағаш кеме шықты. Сәл қашықта екіншісі жатыр. Ежелде алып кеме болғаны қаңқасынан көрініп тұр. Теңіз жағасына барған едім. Қаланың жігіттері металға тапсыру үшін зәкірін тартып шығарып жатыр екен. Ертеде балықшылардың 7 кемесі суға кетті деген аңыз бар еді. Бұл солардың бірі болуы әбден мүмкін деп таңқалдым", - дейді куәгер.