Каспий теңізін құтқаруға 42 млрд теңге қажет

289

Оның ішінде Ақтау портының акваториясын тереңдетуге биыл 20,6 млрд теңге жоспарланып отыр. 

Каспий теңізін құтқаруға 42 млрд теңге қажет Фото: WikiWand

Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов Сенат депутаттарының сауалына берген жауабында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты 

Сенаторлар Ақтау портының акваториясында түп тереңдету жұмыстарын қаржыландыру мәселесі бойынша депутаттық сауал жолдаған болатын. Олар Транскаспий халықаралық көлік дәлізінің толыққанды жұмыс істеуіне Каспий теңізі деңгейінің төмендеуі кері әсер етіп отырғанын жеткізді. 

"Ақтау халықаралық теңіз сауда порты" ұлттық компаниясы жобалау-сметалық құжаттаманы әзірледі және 2024 жылғы желтоқсанда мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алды. Аталған қорытындыға сәйкес жұмыстардың жалпы құны – 42,1 млрд теңге, оның бірінші кезегіне (2025 ж.) – 20,6 млрд теңге. Ақтау портының акваториясында түп тереңдету жұмыстарын 2025 жылы жүргізудің маңыздылығын назарға ала отырып, қаржыландыру мәселесін 2025 жылғы республикалық бюджетті нақтылау кезінде пысықтау жоспарланып отыр", - деді Үкімет басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу