Каспий теңізін зерттейтін институт қашан құрылады?

153

Үкімет "Каспий теңізінің қазақ ғылыми-зерттеу институты" коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы қаулыны бекітті.  

Каспий теңізін зерттейтін институт қашан құрылады? Фото: inbusiness.kz

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің "Қазсушар" РМК балансындағы республикалық мүлік есебінен қамтамасыз етілуі тиіс. Жыл аяқталуға жақын, осы орайда институттың тағдыры туралы құзырлы органдарға сауал жолданған еді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Үкімет қаулысынан кейін Су ресурстары және ирригация министрлігі мәлімдеме жасады. 

Ғылыми-зерттеу институты Каспий теңізінің экологиялық, су деңгейінің төмендеу проблемасын, итбалықтар мен балықтардың жаппай қырылу себептерін, Каспий итбалықтарының популяциясын сақтау мәселелерін, ихтиофаунаны, Каспий су айдыны мен жағалауын зерттейді. Сондай-ақ, Каспий аумағындағы шекаралас мемлекеттердегі әріптестерімен өзара тығыз іс-қимылды қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ, Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов бұл Мемлекет басшысы жүктеген тапсырма екенін және мұндай ұйымдар Каспий маңындағы елдерде бар екенін айтты.
Ведомство мәліметінше Каспий теңізін ғылыми-зерттеу институтын құру мәселесі Экология және табиғи ресурстар министрлігінің құзыретінде екенін жеткізді.

"Қазіргі уақытта коммерциялық емес акционерлік қоғам мүлкін Су ресурстары және ирригация министрлігінен Экология және табиғи ресурстар министрлігінің балансына беру процесі жүріп жатыр. Коммерциялық емес акционерлік қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыру бойынша жұмыс әлі аяқталған жоқ. Үкімет қаулысы әзірленді, ол мүдделі мемлекеттік органдармен келісу рәсімінен өтуде", - делінген Экология және табиғи ресурстар министрлігінің ресми сауалға жауабында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу