Каспий теңізін жағалай 25 шақырым жерге жағажай салынбақ

1190

Каспий теңізін жағалай 25 шақырым жерге жағажай салынбақ

Ақтауда "Жылы жағажайларды дамыту" жобасы қолға алынғалы жатыр. Жоспарға сәйкес, Каспий теңізін жағалай 25 шақырым жерге су, электр және газ құбыры тартылмақ, деп хабарлайды 24.kz.

Инженерлік желілермен толық қамтылған жерлерге демалыс базалары, шипажайлар мен балаларға арналған жазғы лагерь салынады.

"Халықтың жазда суға түсіп, демалуына жағдай жасау арқылы туризмді дамытуды көздеп отырмыз", - дейді қала басшылары. 80 миллиард теңге тұратын жоба инвесторлар қаржысына жүзеге асуға тиіс.

"Қазіргі таңда жобалары жасақталған. Эскиздік жобалары толығымен бекітіліп, халықтық кеңестен оң шешімін тапты", - дейді қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Қайрат Ақыбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу