Каспий теңізінде 5 баллдық жер сілкінісі тіркелді

960

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан батысқа қарай 2263 шақырым жерде Каспий теңізінде орналасқан.  

Каспий теңізінде 5 баллдық жер сілкінісі тіркелді Фото: google.com

Төтенше жағдайлар министрлігі "SOME" ЖШС сейсмикалық стансалар желісі 3 қыркүйекте Астана уақытымен сағат 22:36-да жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан батысқа қарай 2263 шақырым жерде Каспий теңізінің акваториясында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 12,0. MPV магнитудасы - 5,0", делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу