Каспий теңізінде 54 итбалық браконьерлерден құтқарылды

601

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі ресейлік әріптестерімен бірлесіп Каспий теңізінде браконьерлік қылмысты алдын-алу шараларын жүргізді, деп хабарлайды  inbusiness.kz.

Каспий теңізінде 54 итбалық браконьерлерден құтқарылды Фото: ҰҚК Шекара қызметі

Сәуір-қазан айларында жүргізілген жедел-алдын алу іс-шаралары барысында теңіз кеңістігінде 68 жүзу құралын мінген 153 құқық бұзушы ұсталды. 

"Ұзындығы 400 шақырымға жуық балық аулау торы және 17 мың ілмек алынды. Табиғи тіршілік ортасына 946 бекіре тұқымдас және 5 321 басқа ұсақ тұқымдас балық түрлері мен 54 итбалық қайтарылды. Іс-шара нәтижесінде 1,82 млрд теңге көлеміндегі залалдың алды алынды. Заң бұзғандарға 3,3 млн теңгеден астам айыппұл салынды", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу