Каспий теңізінде 67 итбалық браконьерлерден құтқарылды

226

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Каспий теңізінде браконьерлерден 67 итбалық тауып, теңізге қайта жіберді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Каспий теңізінде 67 итбалық браконьерлерден құтқарылды Фото: ortcom.kz

ҰҚК мәліметінше 1 сәуірінен 31 мамырына дейін Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында оларға іргелес жатқан аумақтық суларда, Каспий теңізінде "Бекіре-2024" балық қорғау акциясын өткізілген. 

"Нәтижесінде 90 аумақтық және ішкі су режимін, 72 шекаралық режимді бұзушылар және 69 жүзу құралдары ұсталды. Көптеген браконьерлік аулау құралдары, оның ішінде 263 км-ден астам торлар мен 20 мың ілмектер тәркіленді. Табиғи мекендеу ортасына 1 085 бекіре тұқымдас балық (салмағы 5 536 кг), 65 474 ұсақ тұқымдас балық (салмағы 52 571 кг), сондай-ақ 67 итбалық жіберілді. Салынған әкімшілік айыппұлдың жалпы сомасы 7,3 млн теңгеден асты", – делінген хабарламада. 

Сонымен қатар Қазақстанның 3 азаматына қатысты Қылмыстық кодекстің 339-бабы бойынша (өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және Құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлардың түрлеріне, олардың бөліктеріне немесе дериваттарына пайдалануға тыйым салынған түрлерге заңсыз қарау) қылмыстық істер қозғалды. Ал мемлекетке келтірілген залал 2,3 млрд теңгеге бағаланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу