Шекара қызметі олардан 65 –жүзу құралы, 42 – қозғалтқыш пен 4 – көлік құралы, сондай-ақ, 236 шақырымнан астам – ау және ілмегі бар арқан, 66 – тұзақ пен 55 мыңнан астам ілгек тәркіледі, деп хабарлайды Atameken Business.
Браконьерлер 763 дана – бекіре тұқымдас, 4947 дана – ұсақ тұқымды балық пен 43 итбалық аулап үлгеріпті. Олардан келген зиян мөлшері 85,6 млн теңге деп бағаланып отыр. Ал заңды белден басқандарға небары 1 млн 880 мың теңге көлінде айыппұл салынды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу