Каспий теңізінде итбалық пен бекіренің қырылу себебін ғалымдар анықтайды

387

Экология министрлігі мұны мұнай қалдықтарымен байланыстырмайды. 

Каспий теңізінде итбалық пен бекіренің қырылу себебін ғалымдар анықтайды Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев 15 қазанда еліміздің батысында тіркелген итбалықтардың қырылуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Бүгінгі таңда 59 итбалық пен 67 бекіре балығы табылды, олар дауылдан кейін жағаға шығып қалған, олардың өлімі әртүрлі уақытта болғанын және әртүрлі ыдырау кезеңдерінде болғанын айта аламыз. Сондықтан бүгінде ол жерде ғылыми-зерттеу институттары, итбалықтарды зерттеу және қалпына келтіру орталығы, жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері болып табылатын жұмыс тобы жұмыс істейді. Олардың қатарында балық шаруашылығы комитетінің өкілдері бар. Ауаның, топырақтың және судың үлгілері алынды", – деді министр.

Алайда ол жануарлардың өлімін мұнай қалдықтарының ықтимал әсерімен байланыстырмайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу