4 күн бұрын Түпқараған ауданы Баутино ауылы маңындағы жағажайдан 15 итбалықтың және 4 бекіре тұқымдас балықтың өлексесі табылған болатын. Осыған байланысты қылмыстық іс қозғалып, жануарлардың өлу себептері анықталып жатыр. Ал экологтар оқиға орнында судан және ауадан бірқатар сынама алды.
"Қазіргі таңда жұмыстар жүргізіліп жатыр. Табылған жануарлардың денелерінің ыдырау деңгейі өте жоғары болғандықтан гистологиялық сынама алу мүмкіндік болмады. Биыл осымен үшінші жағдай тіркеліп отыр",- дейді облыстық балық инспекциясының басқарма басшысы Жақсығали Іздібаев.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу