Каспий теңізінде итбалықтардың қырылуы азаяр емес

809

12 мамыр сағат 17:00 шамасында Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы басқармасының қызметкерлері Түпқараған ауданы Баутино ауылы маңындағы Каспий теңізі жағалауында мониторинг жүргізу барысында бірнеше итбалық пен балықтардың денесін тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Каспий теңізінде итбалықтардың қырылуы азаяр емес Фото: ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі

Бұл туралы өзара іс-қимыл схемасына сәйкес жұмыс тобының барлық мүшелері: жергілікті атқарушы органдар, мамандандырылған ғылыми ұйымдар, Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығы, Гидробиология және экология институты, қазақстандық қолданбалы экология агенттігі, микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы, облыстың ветеринариялық қызметі, экология және полиция департаменттері, табиғат қорғау прокуратурасына жедел түрде хабардар етілген.

Итбалықтар табылған жерге Жайық-Каспий облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы мен Гидробиология және экология институтының, Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығының, Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің,, Қазгидрометтің және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінен тұратын жұмыс тобы шықты.

Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті және Қазгидромет қызметкерлері өлі итбалықтар табылған жерден су мен ауа сынамаларын алды. Табылған теңіз жануарларының өлімге ұшырағандарының көпшілігі бекіре балық түрлерінің де қатты ыдырау және шіру сатысында болғандықтан, сынама алу мүмкін болмаған.

Бұл ретте Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығының қызметкерлері  қырылған итбалықтардан сынама алу мүмкін болған бір данасынан тиісті зертханалық зерттеулер жүргізу үшін ішкі ағзаларын, ал гидробиология және экология институты тиісті зертханалық зерттеулер жүргізу үшін тістері мен тырнақтарын, жүнін алды. 

Бұдан басқа, аталған дерек Маңғыстау облысы Түбқараған ауданының полиция бөлімі СДТБТ-да тіркелді және сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде жануарлар өлімінің себептері мен басқа да мән-жайлары анықталатын болады.

Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері Каспий теңізінің жағалау аймағының мониторингін жалғастыруда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу