Каспий теңізінде итбалықтардың жаппай қырылуынан 1,5 млрд теңге шығын келген

160

Оның үстіне өңірде желдің бағыты өзгерген.

Каспий теңізінде итбалықтардың жаппай қырылуынан 1,5 млрд теңге шығын келген Фото: www.goodfon.com

Жайық-Каспий өңіраралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының маманы Андрей Руцкийдің сөзінше, 23 қарашада итбалықтың өлексесі табылмаған. Сондықтан оң болжамға үміт бар дейді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Экология және табиғи ресурстар министрлігі Қоғамдық кеңесінің мүшесі Әділбек Қозыбақовтың айтуынша, теңіз жануарларының қырылуынан келген шығын 1,5 млрд теңгеге бағалануы мүмкін.

"Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2017 жылғы бұйрығына сәйкес бір итбалықтың құны 193 АЕК (712 мың 556 теңге). Бұл соманы 2 000 итбалыққа көбейткенде 1 миллиард 425 миллион 112 мың теңге болады", – деді ол.

Қазіргі уақытта итбалықтардың жаппай қырылуының себептері анықталып жатыр.

Қозыбақовтың сөзінше, кінәлілерді заң аясында жазалап, келтірілген шығынды өтеуді талап ету керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу