Каспий теңізінде Қазақстанның әскери кемелерінің шеруі өтті

444

Парад Қазақстан Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылды.

Каспий теңізінде Қазақстанның әскери кемелерінің шеруі өтті Фото: gov.kz

Ақтау қаласында Қазақстан Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің 30 жылдығына орай кемелер мен есептоптардың салтанатты шеруі өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Парадты Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары генерал-лейтенант Марат Құсайынов, Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, Қарулы күштердің ардагерлері бақылады.

Салтанатты шеруге "Қазақстан", "Орал", "Сарыарқа", "Маңғыстау" зымыранды-артиллериялық кемелері, "Алатау" мина-тартқыш кемесі, "Табиғат" және "Жайық" гидрографиялық кемелері қатысты. Кейін жағалау бойымен сап түзеп өткен теңізшілер кемелер артиллериясы қаруларынан бірнеше дүркін оқ атты.

Шара соңы Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің 30 жылдық мерейтойына арналған мерекелік отшашумен аяқталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу