Үш күн бұрын бес балықшы Құрық ауылынан жеті шақырым жерде тор салған. Кеше таңертең олардың біреуі жоғалып кеткені анықталды. Оның жеке заттары жағалауда қалған.
Еріктілер іздеу жұмыстары үшін дрондар қажет екенін айтты.
"Бұл жерде барлық дрон жұмыс істей алмайды. Сонымен қатар, жел әлі де көтеріліп тұр. Кәсіби мамандар қажет. Ер адам суға батып кетуі мүмкін", - дейді олар.
Жергілікті билік Ми-8 тікұшағы іздеуге тартылғанын айтады.
"60-қа жуық адам мен 20 техника жұмылдырылды. Олардың арасында бір тікұшақ, 10 қайық және жол талғамайтын көліктер бар. Жеті сүңгуір теңізде іздеу жұмыстарын жүргізеді. Сондай - ақ, аталған аумаққа дрон көмегімен мониторинг жүргізілуде", - деп хабарлады жергілікті әкімдік өкілдері.