Каспий теңізінде мемлекеттік табиғи резерват құрылады

Ол итбалықтар популяциясын сақтау үшін қажет.  

Каспий теңізінде мемлекеттік табиғи резерват құрылады Фото: egemen.kz

Бұл туралы Үкімет отырысында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Оның хабарлауынша, 2022 жылғы 10 айда балық шаруашылығының құрылымы мынадай: ауланғаны – 42,6 мың тонна, өсірілгені – 14,1 мың тонна, экспорт – 16 мың тонна, импорт – 32 мың тонна.

"Балық шаруашылығы саласының даму нүктесі – балық өсіру. 2021 жылы сәуірде Үкімет Балық саласын дамыту бағдарламасын қабылдады. Нәтижесінде 2030 жылға дейін балық өсіру – 270 мың тонаға, балық өнімдерін ішкі тұтынуды – 134 мың тонаға ұлғайту, импорт көлемін 45 мың тоннадан 25 мың тоннаға дейін азайту жоспарланып отыр", – деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу