Каспий теңізінде торнадо болды. Бұл туралы PACE телеграм арнасы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Арнадағы мәлімет бойынша, сурет Қашаған кен орнындағы Д аралында түсірілген.
"Бұл құбылысты қазір Ақтаудағы Есенов атындағы университет маманы Геннадий Тарасенко зерттеп жатыр. Геннадий Владимирович жер өрісінің энергетикалық өзгерістерін де зерттейді. Бұл жаңа құбылыстардың себебі болуы мүмкін", – делінген жазбада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу