Каспий теңізінде заңсыз балық аулағандар құрықталды

1518

Каспий теңізінде заңсыз балық аулағандар құрықталды

Каспий айдынында браконьерлік әрекеттерге тосқауыл қойып, теңіз байлығын сақтауға арналған арнайы біріккен жедел-сауықтыру іс-шара жалғасу үстінде.

Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап 24kz хабарлады.

Өткен тәулік ішінде "Жағалау күзеті" мен "Батыс" өңірлік басқармаларының шекарашылары Қазақстан мен Ресейдің бірқатар азаматын ұстады. Нәтижесінде бағалы балықтар мен аулау құралдары тәркіленді. Атап айтқанда, "Жағалау күзеті" өңірлік басқармасының шекарашылары Қазақстан азаматын ұстады. Одан 36 дана бекіре тұқымдас балық, сондай-ақ 3 жүзу құралы, сондай-ақ 11000 метр тор, 1000 қармақ, 300 метр құрал-жабдықтар тәркіленді. Осы күні "Батыс" өңірлік басқармасының шекарашылары Ресей Федерациясының азаматын ұстады, одан 423 дана сазан тәркіленді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу