Каспий теңізінің жағалауында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу кезінде Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 5 адамды құтқарып, жағаға жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, олар катамаранмен жүзу кезінде жағадан алыс жүзіп, орала алмаған.
"Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.
Төтенше жағдай болған кезде "112" нөмеріне хабарласыңыз!" - делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу