Әзербайжан республикасының сейсмологиялық орталығының хабарлауынша, 29 қаңтарда Каспий теңізі айлағында қуаты 3,3 балдық жер сілкінісі орын алған, деп хабарлайды "Лада".
Жер сілкінісі Каспий теңізінің азербайжан секторында жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 14:06 тіркелген. Жер асты дүмпуі 47 шақырым тереңдікте болды. Жер сілкінісінің зардаптары туралы ақпарат түскен жоқ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу