Каспий теңізінде жер сілкінісі тіркелді

1125

Әзербайжандық сейсмологтар Каспий теңізінде магнитудасы 3,0 болатын жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Каспий теңізінде жер сілкінісі тіркелді Фото: smartnews.kz

Бұл туралы Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының сейсмологиялық қызмет орталығының жер сілкінісін зерттеу бюросы хабарлады.

Жер сілкінісі 24 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 04:47-де Каспий теңізінде, "Сиязань" сейсмологиялық стансасынан шығысқа қарай 220 шақырым жерде тіркелді.

Жер сілкінісінің ошағы 28 шақырым тереңдікте орналасқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу