Каспий теңізіндегі Қазақстан флотының әлеуеті күшейеді

801

Шлюздерден жылына 350 кеме өткізу жоспарланып отыр.   

Каспий теңізіндегі Қазақстан флотының әлеуеті күшейеді Фото: aikyn.kz

2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жол" инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында су көлігі саласын дамытуға ерекше назар аударылады. Үкімет отырысында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов осылай деді. 

"2025 жылға дейін 2 паром және 4 құрғақ жүк кемесі сатып алынады. Бұл Каспий теңізіндегі Қазақстан флотының әлеуетін 35% арттырады", – деді министр. 

Оның сөзінше, 2025 жылға дейін апаттық жағдайды 10,3% төмендетуге және шлюздердің өткізу қабілетін жылына 350 кемеге дейін арттыруға басымдық беріледі. 

"Осы мақсатқа темірбетон конструкцияларының және жүк көтеру техникасын жөндеуге 1,9 млрд теңге бөлінеді", – деді Бейбіт Атамқұлов.

Қанат Махамбет
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу