Ақтауда суға батып бара жатқан әйелді сүңгуір 8 метр биіктен секіріп құтқарды, деп жазады inbusiness.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
"29 қаңтар сағат 15:50-де Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 112 телефонына "Самал" шағын ауданында Каспий теңізіне адамның батып бара жатқаны туралы хабарлама түсті. Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, әйел адамды құтқарды" деп мәлім етті Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Құтқарылған әйел Апаттар медицина орталығының қызметкерлеріне тапсырылған. Оған шұғыл медициналық көмек көрсетілген.
Құтқару операциясына төрт құтқарушы қатысқан.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу