Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 1999 жылы туған ер адам шомылуға арналмаған жерде суға түскен кезде батып кеткен.
"Кешке қарай Мұнайлы ауданында Каспий теңізінің жағалауынан, оқиға орнынан 9 шақырым қашықтықта ер адамның денесі табылды", – делінген хабарламада..
Іздестіру-құтқару жұмыстарына Маңғыстау облысы ТЖД қызметкерлері, ІІМ Ұлттық ұланы, ҰҚК Шекара қызметі, Әскери-теңіз күштері, Полиция департаменті, "YKK Kazakhstan LLP" ЖШС мамандары, еріктілер, жергілікті тұрғындар және ТЖМ авиациясы жұмылдырылды.
ТЖМ азаматтарды тек арнайы жабдықталған жағажайларда шомылуға, суға түсуге тыйым салынған орындарға бармауға, балаларды қараусыз қалдырмауға және судағы қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырды.
Қарапайым қауіпсіздік шараларын елемеу қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін