Каспий теңізіне бірінші круиз маршруты ашылады

371

Каспий маңы елдері Ресеймен бірлесіп жазда Каспий теңізі арқылы бірінші круиз бағытты ашуды жоспарлап отыр. 

Каспий теңізіне бірінші круиз маршруты ашылады Фото: РБК+

"Ұлы Еділ жолы" жобасы аясында құрылған және Каспий маңындағы барлық мемлекетке – Әзербайжан, Иран, Қазақстан, Түркіменстан және Ресейге барады, деп хабарлайды  inbusiness.kz.

РФ Экономикалық даму министрінің орынбасары Дмитрий Волвачтың айтуынша, қазір Астраханьдағы "Лотос" кеме жасау зауытының аумағында "Великий Петр" круиздік кемесінің құрылысы жүріп жатыр. Ол арқылы ресейлік және шетелдік туристер Ресейде Каспий теңізі арқылы круиздерге шыға алады.

"2023-2024 жылдары Алматы ШЫҰ-ның туристік және мәдени астанасы болып жарияланды. Біз бұл шешімді құптаймыз және Қазақстанмен туристік ынтымақтастықты ілгерілету бойынша одан әрі белсенді жұмыс істеуге дайынбыз. Ресейде Қазақстан Абхазия мен Түркиядан кейін баратын танымал бағыттар арасында үшінші орында тұр. Ресей өз кезегінде Қазақстанға келетін туристер саны бойынша бірінші орында тұр", деді Дмитрий Волвач.

Кейінгі кезде екі ел арасында өзара туристік саяхаттар айтарлықтай артқан. 2022 жылы Ресей азаматтарының Қазақстанға туристік сапар жасағандар саны 2,4 млн адамға жетті.

Ресейге Қазақстаннан 1,7 млн жуық турист келген. 2023 жылдың тоғыз айында Қазақстаннан сапарлар саны 1,6 млн асты, Ресейден Қазақстанға туристік ағын 2,2 млн адам болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу