Каспий теңізінің экологиялық жағдайы туралы заң қабылданды

1168

Парламент Сенатының пленарлық отырысында Каспий теңізі мен қоршаған ортаның ластанып отырғаны айтылды. 

Каспий теңізінің экологиялық жағдайы туралы заң қабылданды

"Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға қоршаған ортаға трансшекаралық тұрғыдан жасалатын әсерді бағалау жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы" заң жобасы ұсынылды, деп жазады inbusiness.kz тілшісі. 

Парламент Сенатынының төрағасы Мәулен Әшімбаев бұл ұсынылған заң жобасы қабылданғанын мәлемдеп, одан не күтуге болатынын айтты.

"Еліміз үшін Каспий теңізінің әлеуметтік және экономикалық маңызы зор. Сондықтан оның экологиялық жағдайы басты назарда. Осы ретте бүгін қабылданған заң теңіз суы мен жағалауының ластануына жол бермеуге оның биологиялық әралуандығын сақтауға және табиғи ресурстарын ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді деп сенемін", – деді Мәулен Әшімбаев.

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу