Каспий теңізінің экологиялық жағдайына қатысты құжат қабылданды

646

Оның мақсаты – теңізді ластанудан сақтау, бақылау.

Каспий теңізінің экологиялық жағдайына қатысты құжат қабылданды

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында "Каспий теңізінің ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға Каспий теңізін жерүсті көздерінен және құрлықта жүзеге асырылатын қызмет нәтижесінде ластанудан қорғау жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы" заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Құжатты ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев таныстырды. Айтуынша Каспий теңізінде көмірсутек шикізат қорларының болуы су айдынының экологиясы мен биоресурстарын сақтау туралы мәселе көтеруге негіз болып отыр. 

Хаттаманың негізгі мақсаты – Каспийдің экологиялық таза теңіз ортасына қалыптастыру, құрлықта жүзеге асырылатын әрекеттер салдарынан теңіз ортасының ластануын болдырмау, бақылау. 

"Хаттаманың негізгі бағыттары, ең озық қолжетімді технологияларды және табиғатты қорғау тәжірибесін пайдалану әрі оларды теңіз акваториясында жүзеге асыру. Каспий теңізінің теңіз ортасы мен жағалау маңындағы аудандарының физикалық, биологиялық және химиялық сипаттамалары туралы деректер базасын құру мен жүргізу. Каспийдің теңіз ортасы мен жағалау маңындағы аудандарының жай-күйіне, оның жағалау жиегі бойындағы теңіздің ластану деңгейіне тұрақты бақылау жүргізу. Хаттама мүдделі органдармен ескертулерсіз келісілді, теріс әлеуметтік-экономикалық салдарға әкеп соқтырмайды", – деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу