Каспий теңізінің суы неге қара түске боялды?

735

Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті жағдайды түсіндірді.  

Каспий теңізінің суы неге қара түске боялды?     Фото: Маңғыстау экология департаментінен

Ақтау қаласының тұрғындары Каспий теңізінің жағалауындағы қара суды видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерге жарыса жүктеді. 

Олардың хабарлауынша, теңіздің қара түсіне себеп: шіріген балдырлардың ыдырауы және судың таяздануынан көпжылдық табиғи құбылыстардан туындаған теңіз түбінің лайлануы.

"Әлеуметтік желілер мониторингі аясында Ақтау қаласының 1 шағын ауданындағы жағажай суларының ластануы туралы жарияланым анықталды. Аталған факті бойынша экология департаментінің мамандары жағалауға барды. Тексеру барысында  заңсыз салынған тас өткелдер бары анықталды. Ақтау қаласының әкімдігі өткен жылдан бастап осы заңсыз құрылысты бұзу бойынша іс-шаралар өткізді. Пирсті бұзу 19 мамырда аяқталды. Ағынның қайта басталуына байланысты қазіргі уақытта суды жаңартудың табиғи процесі жүріп жатыр", - деп хабарлады экология департаментінің өкілдері.

Жағажайдың бұл учаскесі 2021 жылдың 29 қазанынан бастап "Mangystau project" ЖШС-ге сенімгерлік басқаруға берілген.

"Шарттың талаптарына сәйкес, жақын арада кәсіпкер жағалау аймағын тазарту бойынша шаралар қабылдайтын болады. Бүгінгі күні пирсті бөлшектеу жүріп жатыр. Кейін жағалау аймағын санитарлық тазарту жүргізіледі", - делінген хабарламада.       

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу