Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының дабылына берген Премьер-министрдің жауабында айтылған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Үкімет басшысы Олжас Бектенов теңіздің тұйық су қоймасы екенін, әртүрлі уақытта суында ауытқу болатынын жасырмады.
– Каспий теңізінің деңгейі тұйық су қоймасы ретінде айтарлықтай көпжылдық, жыларалық және маусымдық ауытқуларға ұшырайды. 1900 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейінгі жүйелі бақылау кезеңінде деңгей Балтық жүйесі бойынша (бұдан әрі – БЖ) минус 25,74 метр (1900 ж.) белгісіне сәйкес келетін максималды мәннен минус 29,01 метр Балтық жүйесіне (1977 ж.) дейін өзгерді. Каспий маңы елдерінің барлық бақылау пунктінің деректері негізінде есептелген Каспий теңізінің орташа көпжылдық деңгейі минус 27,35 метр Балтық жүйесін құрайды, – деп жауап берді О.Бектенов депутаттарға.
Жалпы, Каспий теңізінде 2006 жылдан бастап орташа деңгейінің төмендеуі байқалып келеді. 2023 жылға дейін 1,96 метрге төмендеп, минус 28,87 метр Балтық жүйесін құраған.
Премьер-министрдің сөзінше, 2024 жылғы су тасқынына байланысты Каспий теңізіне құятын су көлемі де баяулаған. Десе де, Ғылым және жоғары білім министрлігі гранттық қаржыландырумен 2 жоба, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру ауқымында 2 бағдарлама жүзеге асырылмақ.