Каспий теңізінің түбімен талшықты-оптикалық байланыс желілері жүргізіледі

Бастама еліміздің өңірлік цифрлық хаб ретінде қалыптасуы үшін маңызды. 

Каспий теңізінің түбімен талшықты-оптикалық байланыс желілері жүргізіледі Фото: advantour

Бұл туралы Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлім етті.

"Елімізді өңірлік цифрлық хаб ретінде қалыптастыру үшін ұзындығы 380-400 шақырым Каспий теңізінің түбімен талшықты-оптикалық байланыс желілерін жүргізу қажет. Ұлттық Батыс-Шығыс гипермагистраль құрылысы Қазақстан аумағы бойынша және суасты кабелі арқылы Әзербайжанға, одан әрі Еуропаға Қытай трафигінің шығуын көздейді. Сонымен қатар, транзит пен халықаралық трафикті сақтау үшін Tier-III деңгейінен төмен емес деректер орталықтарын құру қажет", – деді Мусин. 

Осылайша, жоғарыда аталған жобаларды іске асыру деректердің халықаралық транзитінің баламалы бағытын және ел нарығына кемінде 3 технологиялық компанияларын тартуды қамтамасыз етеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу