Маңғыстау облысындағы Каспий теңізінің жағалауынан 289 өлі итбалық табылды. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Облыстық балық шаруашылығы инспекциясы бастығының міндетін атқарушы Андрей Руцкойдың айтуынша, жағалау аймағында мониторинг жалғасуда. Оған жергілікті атқарушы органдардың және "Қазақ балық" республикалық балық шаруашылығы және акваөсіру қауымдастығының филиалы Гидробиология және экология институтының өкілдері қатысуда.
Руцкойдың айтуынша, итбалықтардың қырылу себебі тиісті зертханалық зерттеулер жүргізілгеннен кейін белгілі болады.
Бұған дейін Каспий теңізінің жағалауынан 150-ден астам өлі итбалық табылғаны хабарланған болатын. Осы жылдың наурыз айында итбалықтардың 40, сәуірде 80-ге жуық өлексесі табылды.
2020 жылы каспий итбалығы Қазақстанның Қызыл кітабына енді.