4 шілде сағат 21.40-та Каспий теңізінің жағалауында, атап айтқанда жартасты жол пирсінің ауданында Маңғыстау облысы ТЖД мобильді құтқару бекетінде кезекшілігін атқару кезінде жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 2006 жылы туған азаматты құтқарды.
Жасөспірім жабдықталмаған жерде шомылған. Медициналық көмек қажет болған жоқ.
"Азаматтарға абай болуға және судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырамыз", делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу