Каспий теңізінің жағалауындағы қамыс өртеніп жатыр

824

Жалын Ресеймен шекарадағы Құрманғазы ауданында тұтанған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Каспий теңізінің жағалауындағы қамыс өртеніп жатыр Фото: canva.com

Атырау облысында Каспий теңізінің жағалауында 100 гектар аумақта қамыс өртеніп жатыр.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, 2 наурыз күні сағат 15:45-те Атырау облысында Каспий теңізінің жағалауында, Құрманғазы ауылынан 40 шақырым жерде, Құрманғазы орманшылығының аумағында алдын ала болжам бойынша 100 гектар алаңда қамыс жанды.

Өртті сөндіруге Құрманғазы ауданының №7 өрт сөндіру бөлімі, Орман шаруашылығы, ЖАО-дан 36 адам, 5 мотопомпас, 1 техника, 4 мотоқайық тартылды.

"Өрт өндіру жалғасуда. Елді мекендерге қауіп жоқ. Батпақты жер мен қамыстың тығыз және қалың өсуі өртті сөндіруге қиындық туғызып жатыр. Бұл техниканың өтуіне кедергі келтіруде", - делінген ресми ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу