Каспий теңізінің жағасында 17 өлі итбалық табылды

951

Дағыстанның табиғатты қорғау прокуратурасы Каспий теңізінің жағасында өлі итбалықтардың табылғаны туралы ақпаратты тексеріп жатыр, деп хабарлады Интерфакс-Қазақстан.

Каспий теңізінің жағасында 17 өлі итбалық табылды

"Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде Дағыстанда Каспий теңізінің жағасында 17 өлі итбалық табылғаны туралы ақпарат таралды. Табиғатты қорғау прокуратурасы ақпаратты тексеріп жатыр", – деп жазды агенттік прокуратураға сілтемемен.

"Каспий табиғатын қорғау орталығы"  автономды коммерциялық емес ұйым директоры Заур Гапизовтың айтуынша, браконьерлер қытайдың ұсақкөзді пластикалық торларын пайдаланады. Итбалықтар соған түсіп, өліп қалады.  

"Біз мұндай торлардың сатылыма тыйым салғымыз келеді", – дейді ол.

Заур Гапизов теңіз жануарларының өліміне, сондай-ақ, Каспий теңізіне төгілген тазартылмаған ағынды сулар да әсер ететінін айтады
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу