Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында Каспий теңізінің жағасында 20 түйенің өлексесі табылды, деп хабарлады inbusiness.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сарапшылардың пікірінше, жануарлар ерте көктемде суға батып, қатты дауылдың салдарынан олардың өлекселері жағаға шыққан.
"Қазір облыс әкімдігі, облыстық төтенше жағдайлар департаменті және облыстық ветеринарлық станция түйелердің өлексесін жою бойынша жұмыстар жүргізуде", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу