Ақтауда теңіз жағасында шатырда Наталья сәуірден қыркүйектің ортасына дейін тіршілік еткен. Баспанасыз және жұмыссыз қалған жас әйел шатырда тұруға мәжбүр болды. Туыстары оны Ресейден көшіп келгеннен кейін қабылдамаған. Қала тұрғындары әйелдің қиын жағдайын біліп, бір күнде жұмыс пен баспана мәселесін шешті.
Наталья Қазақстан азаматы ретінде жұмысқа орналасуға көмектесуін өтінді.
Еріктілердің айтуынша, оның барлық қажетті құжаттары, екі жоғары білімі бар.
Анатолий деген ерікті азық-түлік сатып алып, Натальяға барған екен.
“Оған бейтаныс әйелдер келіп, сөйлесті. Қалада туыстары бар екені анықталды, бірақ олар араласпайды. Еріктілер оны жұмысқа орналастырып, баспана беруге дайын”, - дейді ерікті.
Бірнеше адам оған уақытша тіркелуге көмектесті. Тағы бірі аяғынан тұрғанша пәтер беретінін айтты.
Анатолийдің айтуынша, Наталья Мәскеуге ақша табуға және оқуға кеткен. Пандемия басталғанға дейін әртүрлі жерлерде жұмыс істеді. Дүкендердің бірінің қожайыны орын босатуды талап етіп, жұмыссыз қалған.
Осы жылдың басында туған жері Ақтауға оралды. Бірақ туыстары өз күнін өзі көруді айтып, есікті тарс жапқан.
Қаңтардан сәуірге дейін әр жерде толық емес жұмыс істейді. Содан кейін бір жерде тұрақты тұру үшін шатыр сатып алады. Ол дәретханада күніне үш мың теңгеге тазалаушы болып еңбек етіп, жалақыны көтеруді сұрап, ол жұмыстан да босатылады.
Әйелдің тағдыры осыдан кейін қалай жалғасады, бәрі өз қолында.