Каспий түбі тереңдетіледі

1076

Жоба мердігері анықталған.

Каспий түбі тереңдетіледі

Қоғам жанашырларының жанайқайына қарамастан Каспий теңізінің түбі тереңдетілетін болды. Қазіргі күні бұл жұмысты жүзеге асыратын мердігер компания анықталып, онымен келісім-шартқа қол қойылған, деп жазды inbusiness.kz тілшісі. 

North Caspian Operating Company (NCOC) компаниясының Қашаған кенішіне кемелердің кедергісіз баруы үшін теңіз түбін тереңдету жөніндегі жобасына көпшіліктің қарсылық білдіріп отырғанын бұған дейін бірнеше мәрте жазған болатынбыз. 

Белгілі болғандай, экологтар мен қоғам белсенділерінің ашық хат жазып, бас қосулар өткізгеніне қарамастан, жоба келісіліп, мердігер компания  анықталған. Ол - "Спецмонтажстрой" ЖШС. 

Бұған дейін хабарланғандай, жоба бойынша, қазылуға тиіс каналдардың ұзындығы 56 шақырымды құрайды. Қазылатын бір каналдың ені 80-115 метрді құрамақ. Жұмысты жүзеге асыру үшін 29 млн.шаршы метр жерден 18,5 млн текше метр топырақ алынады. Жоба екі бөліктен тұрады және  2021 жылы басталып, 2022 жылы аяқталады. 

"Жоба Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары мен Экологиялық кодексінің талаптарына сәйкес әзірленген. 2019-2020 жылдары жоспарланып отырған алаңның бүкіл аумағында экологиялық зерттеулер жүргізілді. Зерттеулер қоршаған ортаның барлық компоненттерін, соның ішінде, бентосты, сонымен бірге балықтардың миграция жолдарын зерттеуді қамтыды. Жоба тәуелсіз сарапшыдан және балық шаруашылығы (ихтиология) саласындағы ғылыми-зерттеу орталығынан оң қорытындылар алып, мемлекеттік экологиялық сараптамамен келісілді. Жобалық шешімдерде қоршаған ортаға әсерді азайту жөніндегі іс-шаралар көзделген. Зерттеулерге қосымша ҚР экологиялық заңнамасының талаптарына сай тиісті экологиялық бақылау мен әсер ету мониторингі жүргізілетін болады", - деп сендіреді NCOC компаниясы ресми сайтында. 

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу