Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, құтқарушылар Меловой мүйісінен 1,5 шақырым қашықтықтағы теңіз түбін зерттеді.
Жазбада Google Mars спутниктік суреттері ұсынылып, бұл аймаққа кеме батып кеткен болуы мүмкін екені айтылған.
"Құтқарушылар Y-150 тереңдік сканерлі эхолотын қолданып, теңіз түбін зерттеді. Нәтижесінде батқан нысандар анықталмады. Зерттелген аймақтағы тереңдік 9-10 метр болады", – делінген хабарламада.
Зерттеу қорытындысы бойынша желіде тараған ақпарат шындыққа жанаспайтыны анықталды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу