Каспий жағалауы мемлекеттері СІМ басшыларының мәжілісі табысты аяқталды

1257

Каспий жағалауы мемлекеттері СІМ басшыларының мәжілісі табысты аяқталды

2017 жылғы 5 желтоқсанда Мәскеуде Әзербайжан сыртқы саяси ведомствосының басшысы Эльмар Мамедъяров, Иран СІМ басшысы Джавад Зариф, Қазақстан СІМ басшысы Қайрат Әбдірахманов, Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров және Түркіменстан СІМ басшысы Рашид Мередов қатысқан Каспий жағалауы мемлекеттері сыртқы істер министрлерінің мәжілісі табысты аяқталды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Тараптар Каспий проблематикасы күн тәртібінің бірқатар маңызды мәселелерін, соның ішінде Каспий теңізінің түбі мен жер қойнауын бөлу, аумақтық және iшкi суларда жүзу режимi, Каспий теңiзiнің түбiмен суасты құбырларды жүргізу, теңіздер мен әлем мұхитына еркін қол жеткізуіне қатысты, тағы басқаларды да қарастырды.

Мәжілісте Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенциясының жобасы бойынша барлық негізгі мәселелер келісілді.

Жуық арада сарапшылар 2018 жылы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруы бойынша Қазақстанда өтетін Каспий жағалауы мемлекеттер басшыларының саммиті барысында қол қою үшін конвенцияның жобасын дайындау бойынша техникалық жұмыстарды жүргізеді.

Конвенция бойынша жұмыс 20 жылдан астам жүргізілді. Құжаттың жобасында Каспий теңізіндегі тараптар қызметінің негізін қалайтын қағидаттар, теңіз айдыны мен ұлттық түбтік секторларды айыру, әскери ынтымақтастық және биологиялық ресурстарды, теңіз түбі мен жер қойнауын, жүзуді, қоршаған ортаны қорғауды, теңіз ғылыми зерттеулерді игеруіне байланысты шаруашылық-экономикалық ынтымақтастықты іске асыру мәселелері белгіленеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу