Каспий жағалауынан 100-ден астам итбалықтың өлекселері табылды

102

Бұл туралы облыстық экология департаменті мәлім етті.

Каспий жағалауынан 100-ден астам итбалықтың өлекселері табылды Фото: Маңғыстау облысының экология департаменті

Каспий теңізінің Түпқараған ауданындағы жағалауынан экологтар 112 өлі итбалықтың денесін анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ведомство мәліметінше, 3 қараша күні зертханалық-талдамалық бақылау бөлімінің мамандары Ақтау тұрғындарынан түскен хабарламалардан кейін теңіз жағалауына шыққан. Тексеру барысында теңізге шығып қалған итбалықтардың денелері табылған.

"Балық инспекциясы басқармасымен бірлесіп жүргізілген мониторинг кезінде Асан елді мекенінен Баутино мүйісіне дейінгі аралықта Каспий итбалықтарының өлекселері анықталды. Оның 39-ы – Асан мен Форт-Шевченко қаласының жағажайы арасынан, ал 73-і – жағажай мен Баутино мүйісі аралығынан табылды", – делінген департаменттің хабарламасында.

Мамандар теңіз суынан сынама алып, зертханалық талдау үшін жіберген. Оқиға туралы ақпарат "112" қызметіне берілді.

Айта кетсек, соңғы жылдары Каспий теңізі жағалауынан итбалықтар мен басқа да теңіз жануарларының өлекселері жиі табылып жүр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу