Каспий жағалауынан өлі балықтар табылды

101

Мамандар оқиғаның себептерін анықтап жатыр.

Каспий жағалауынан өлі балықтар табылды Фото: pngtree

Каспий теңізінің Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко маңындағы жағалауынан өлі балықтар табылды. Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазба тұрғындар арасында алаңдаушылық тудырып, мәселе экология мамандарының назарын аудартты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті 7 шілдеде су сапасын тексеру мақсатында балық шаруашылығы басқармасымен бірлесіп оқиға орнына мамандар жібергенін мәлімдеді.

"Балықтардың жаппай қырылу себебін анықтау үшін теңіз суынан сынамалар алынып, зертханалық талдау басталды", – деп хабарлады ведомство.

Қазіргі уақытта балық өлімінің нақты себебі белгісіз. Мамандар зерттеу нәтижелері шыққаннан кейін қосымша ақпарат беруге уәде етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу