Бүгін жергілікті тұрғындар Маңғыстау облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аймақтық инспекциясына итбалықтардың қырылып жатқаны туралы мәлімдеген, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Инспекция қызметкерлері жедел түрде 1, 7 және 15-ші ықшамаудандардағы Каспий теңізінің жағалауына жетіп, 3 каспий итбалығын тапқан.
Қарау барысында су жануарлары шамамен күз кезінде өлгені белгілі болды.
Дене қатты бұзылып кеткендіктен сынама алу мүмкін болмады.
Теңіз жағалауы мен суда бұдан өзге итбалық ұшасы және мұнай өнімдері мен ластаушы заттар табылмады.
Облыстық инспекция мемлекеттік инспекторлары мониторинг жұмыстарын жүргізіп жатыр.