Каспий жағалауында қамыс өрті сөндірілді

419

Қамыс өртінің жалпы ауданы 910 га болған.

Каспий жағалауында қамыс өрті сөндірілді Фото: ҚР ТЖМ

Атырау облысында Каспий жағалауында бір аптаға созылған қамыс өрті сөндірілді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Бүгін,13 шілдеде, сағат 16:00-де қамыс өрті толық сөндірілген.

"Қазақстан Ғарыш сапары" ҰК" АҚ-ның ғарыш мониторингіне негізделген "Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерватының ақпаратына сәйкес, қамыс өртінің жалпы ауданы 910 га болған. Өрт сөндірушілер 7 күн бойы отпен арпалысты. Күннің аптап ыстығы мен аумақтың сулы, батпақты жерінде қалың өскен қамыс өртін тез сөндіруге кедергі келтірген.

Еске салайық, Каспий теңізінің жағалауындағы қамыс өрті 6 шілдеде анықталған. Ол Атырау қаласындағы Кеңөзек ауылдық округінен 30 шақырым қашықтықта тіркелген.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу