Каспий жағалауында қырылған итбалықтар саны артты

Мамандар оның нақты себебін бір айдың ішінде анықтайды. Бірақ министр алдын-ала деректермен бөлісті.  

Каспий жағалауында қырылған итбалықтар саны артты Фото: pixabay.com

Үкімет сағатында баяндама жасаған Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевке Каспий жағалауынан табылған итбалықтар туралы сұрақ қойылды.

Ведомство басшысы жағдай әлі зерделеніп жатқанын атап өтті.

"Каспий жағалауынан 141 өлі итбалық табылды. Олардың қырылуына күкіртсутегінің бөлінуі себеп болуы мүмкін. Бірақ мамандар өлімнің нақты себебін бір ай ішінде анықтайды", – деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу