Каспий жағалауындағы қамыс өртін сөндіруге Қызылордадан тікұшақ тартылатын болды

894

Бұл туралы Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Каспий жағалауындағы қамыс өртін сөндіруге Қызылордадан тікұшақ тартылатын болды Фото: ТЖД

Жалын 20  гектар аумаққа жайылып үлгерген. 

"Қамыс өртін сөндіруге төтенше жағдайлар департаменті мен "Ақжайық" мемлекеттік табиға резерватының 71 қызметкері 15 техника, 2 мотопомпамен шамамен 5 гектар аумақтағы қамыс өртін сөндірді. Қамыс өртін сөндіруге жағалаудың сулы-батпақты болғаны қиындық келтіруде. Сол себептен, 8 шілдеде теңіз жағалауындағы өрт ошақтарын сөндіру үшін Қызылорда қаласынан су төгетін құрылғысы бар МИ-8 тікұшағын тарту жоспарланып отыр. Өрт ошағының одан әрі тарауын болдырмау үшін айналасындағы жерді жыртуға соқасы бар К-700 тракторы тартылады", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу