Каспий жағалауындағы қамыс өртіне 500 тонна су төгілді

354

От ошағы әлі бықсып жатыр

Каспий жағалауындағы қамыс өртіне 500 тонна су төгілді Фото: ҚР ТЖМ

Атырау облысында Каспий жағалауындағы қамыс өртіне 501 тонна су төгілді. Әлі 2 гектарда қамыс бықсып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

"Аэровизуалды тексеру жүргізілгеннен кейін қамыс өртін әуе және жерүсті тәсілімен сөндіруге шешім қабылданды. Каспий теңізінің жағалауындағы қамыс өрті 830 гектар аумақты шарпыды. Қазір 2 гектарда қамыс әлі бықсып жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігіне "Қазавиақұтқару" АҚ-ның МИ-8 тікұшағымен 167 рет су төгілді. Қамыс өртіне төгілген су көлемі шамамен 501 тоннаны құрады", - деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.

Өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Каспий теңізінің жағалауындағы қамыс 6 шілдеден бері жанып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу